Бүгін қамқоршылық кеңесінің жиналысында 2022-2023 оқу жылына арналған мектеп формасы туралы шешім қабылданды.
Биыл мектеп формасын қара көк түспен сатып алу ұсынылады. Алайда, бұл жаңалық кезең-кезеңмен енгізіледі, сондықтан егер ата-ана басқа түсті форма сатып алған болса, онда сізге тағы біреуін сатып алудың қажеті жоқ.
Форма:
Қыздар: классикалық қара көк түсті тізеге дейін көйлектер, юбкалар, сарафандар.
Аяқ киім: тұрақты өкшелі туфли, төмен платформа (балетка).
 
Ұлдар, жасөспірімдер: классикалық қара көк шалбар (джинсы емес).
Жоғарғы жағы- шалбарының түсіне сәйкес пиджак, кеудеше.
Ақ ерлер жейдесі салтанатты ретінде және күнделікті бір түсті жейде, галстук.
Аяқ киім: туфли.
 
Спорттық киім:
Ақ футболка мен қара трико, шорты ұсынылады. Спорттық аяқ киімді ақ табанмен сатып алу ұсынылады.