Мектебімізде жоспарға сәйкес “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен √2 Педагогикалық кеңесі өтті.
Тақырыбы: «Жаңа тәрбие беру технологиялары. Отбасы және мектеп: қазіргі жағдайдағы тиімді ынтымақтастық жолдары»
 
 ➡️Педагогикалық кеңестің мақсаты:  еліміздегі отбасылық тәрбие мазмұнындағы ұлттық құндылықтар мәселесін өмірде қолданудың мәні мен маңызын ашу, өмірлік жағдаяттарды шешудің ұлттық ерекшеліктерін қарастыру және оны көпшілік пікірлерімен пайымдау.
➡️Міндеттері:
1. Отбасының тәрбиелік мазмұнындағы ұлттық құндылықтардың мәні мен жүйесінің маңызын нақтылау
2. Бүгінгі құндылыққа негізделген тәрбие және ұлттық құндылықтардың өзгеруінің себебі мен салдарын айқындау
3. Өмірдегі әлеуметтік жағдаяттарды этнопедагогикалық-этнопсихологиялық мүмкіндіктерге сай шешуге бағыттау.