1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №29 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Мекен-жайы: Қостанай қаласы, Герасимов 4 көшесі,

телефон: 390264

электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

  1. Бос лауазым: педагог-психолог (орыс және қазақ тілдерін меңгерген), ставка

лауазымдық міндеттері: Білім алушылардың психикалық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асырады. Әртүрлі профильдер мен мақсаттарға психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді. Педагогикалық ұжымды білім алушылардың жеке және әлеуметтік даму проблемаларын шешуге бағдарлау мақсатында психологиялық-педагогикалық қорытындылар жүргізеді және талдайды. Білім алушының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамытушы және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады. Білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтаудың әртүрлі жағдайларында бағдарлауға дайындығын дамытуға ықпал етеді. Әлеуметтік бейімсіздіктің пайда болуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, психологиялық көмек (психокоррекциялық, оңалту және консультациялық) көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.

  1. Педагогтерге психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша кеңес береді, педагогтардың, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Қауіпсіздік және өрттен қорғау талаптарын орындайды. Белгіленген нысан бойынша есепті құжаттаманы жүргізеді.
  2. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 02.11.2022 - 07.11.2022/қоса алғанда/келесі тізбеге сәйкес электрондық немесе қағаз форматта:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болған жағдайда);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болған жағдайда);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

  1. Педагогтың бос лауазымының мерзімі: тұрақты