Бастауыш сынып мұғалімі ,физика пәні мұғалімі,технология

мұғалімі,  педагог-психолог, дефектолог, әлеуметтік педагог, тәрбие

жұмысы жөніндегі орынбасары  лауазымдықтардың  бос  орындарына

конкурс жарияланады

1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы  жалпы білім беретін мектебі» КММ

Мекенжайы: Қостанай қаласы  Герасимов к-сі, 4,

телефоны: 390264

электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  

2. Бос лауазымдық қызмет : бастаушы сынып мұғалімдері ( 3 педагог орыс тілді сыныптарда, 1 педагог-мемлекеттік тілді сыныбында), жүктемесі - 14 сағат

лауазымдық міндеттері: оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады, сабақ кестесіне сәйкес сабақтар мен басқа да сабақтар өткізеді, оқу тоқсанына сыныптардың әрбір параллелінде пән бойынша тақырыптық жұмыс жоспары және әрбір сабаққа жұмыс жоспары болады.

Бос лауазымдық орындар мерзімі: орыс тілді сыныптарда –тұрақты

Мемлекеттік тілді сыныптарда- декреттікдемалыс  мерзімі уақытында

еңбекақы: тарифтік мөлшерлемеге сәйкес

3. Бос лауазымдық қызмет: физика пәні мұғалімі (оқыту тілі мемлекеттік тіл), жүктемесі-14 сағат

лауазымдық міндеттері: оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады, сабақ кестесіне сәйкес сабақтар мен басқа да сабақтар өткізеді, оқу тоқсанына сыныптардың әрбір параллелінде пән бойынша тақырыптық жұмыс жоспары және әрбір сабаққа жұмыс жоспары болады.

Бос лауазымдық орындар мерзімі: тұрақты

еңбекақы: тарифтік мөлшерлемеге сәйкес

4. Бос лауазымдық қызмет: технология мұғалімі (оқыту тілі мемлекеттік және орыс тілдері ), жүктемесі-19 сағат 

лауазымдық міндеттері: оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады, сабақ кестесіне сәйкес сабақтар мен басқа да сабақтар өткізеді, оқу тоқсанына сыныптардың әрбір параллелінде пән бойынша тақырыптық жұмыс жоспары және әрбір сабаққа жұмыс жоспары болады.

Бос лауазымдық орындар мерзімі: тұрақты

еңбекақы: тарифтік мөлшерлемеге сәйкес

5. Бос лауазымдық қызмет: педагог- психолог , жүктемесі 1 ставка

Лауазымдық міндеттері: оқушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, оның ішінде девиантты мінез-құлыққа байланысты мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;

білім беру ортасы жағдайында педагогтердің, ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің психологиялық-педагогикалық мәдениетін қалыптастырады және білім беру процесіне қатысушылар арасында толеранттылықты қалыптастыруға ықпал етеді;білім алушылар мен тәрбиеленушілердің аутодеструктивті және девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жай-күйіне психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді, психологиялық көмек көрсету үшін психологиялық-педагогикалық қорытынды мен ұсынымдар жасайды; білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып дамыту бағдарламаларын әзірлейді;әртүрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді; дарынды білім алушыларға психологиялық қолдауды жүзеге асырады;

Бос лауазымдық орындар мерзімі: декреттік демалыс мерзімі уақытында 

еңбекақы: тарифтік мөлшерлемеге сәйкес

6. Бос лауазымдық қызмет: дефектолог , жүктемесі 1 ставка

Лауазымдық міндеттері:

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымының, оның ішінде арнаулы мектептердің (мектеп-интернаттардың) арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;

білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының, аутизм орталықтарының арнайы педагогы білім беру ұйымының жоспары мен кестесі бойынша жеке, кіші топтық және топтық сабақтар өткізеді;

жеке оқу, жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)өткізеді;

Бос лауазымдық орындар мерзімі: тұрақты 

еңбекақы: тарифтік мөлшерлемеге сәйкес

7. Бос лауазымдық қызмет: әлеуметтік педагог , жүктемесі 1 ставка Лауазымдық міндеттері: жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;

әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;білім алушылар, тәрбиеленушілер және ұйым, отбасы, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады;жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кемтар балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

Бос лауазымдық орындар мерзімі: тұрақты 

еңбекақы: тарифтік мөлшерлемеге сәйкес

8. Бос лауазымдық қызмет:  директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары жүктемесі – 1 ставка

Лауазымдық міндеттері: тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;

тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді; тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;

мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;

Бос лауазымдық орындар мерзімі: тұрақты 

еңбекақы: тарифтік мөлшерлемеге сәйкес

құжаттарды қабылдау мерзімі: 14.08.2023 - 22.08.2023/ қоса алғанда/

5.1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТС) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.

11) Бұрынғы жұмыс орнынан ұсыным хат